«Амантай қажы әйел адамды баспалдақтан итеріп жіберген» – Полиция тергеуді бастады (видео)

Әлеуметтік желіде Амантай қажының әйел адамды баспалдақтан итеріп жібергені түсірілген видео тарады.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Оқиға салдарынан әйел адамның жамбас сүйегі сынғаны айтылады. Оқиғаның нақты қай жерде болғаны әзірге белгісіз. Оны полиция анықтап жатыр. 

Фото: instagram.com/akhmetova_aleksandra

Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында», – делінген хабарламада.