Амандық Баталов: Үш ауысымда оқитын 49 мектеп бар
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдында есеп беріп жатыр. Оның айтуынша, б
ілім беру саласында 26 білім беру нысанының құрылысы жүргізілген.
Алматы, NEGE. Оның ішінде 17 мектеп, колледж студенттеріне арналған 4 жатақхана, 5-еуі – өзге де нысандар. Барлығы 15 нысан іске қосылды, қалған 11 нысан 2021 жылға қалды.
«Қарасай ауданы Әйтей ауылында, Шамалған станциясында, Жамбыл ауданы Жайсаң, Қасымбек ауылдарында, Іле ауданы Түймебаев ауылында, Кербұлақ ауданы Қосағаш ауылында, Көксу ауданы Қызылтоған ауылында 818 орындық 4 жатақхана, 2900 орындық 7 мектеп пайдалануға берілді. Балқаш ауданы Бақбақты ауылында, Жамбыл ауданы Сұраншы батыр және Мыңбаев ауылдарындағы 3 балабақша қайта жаңғыртылды, Кеген ауданының Саты ауылында А.Түркебаев атындағы орта мектепке спорт және мәжіліс залы, асхана блогы салынды. 21,4 млрд.теңгеге 58 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 10-ы – ауыспалы нысандар. Бүгінгі таңда үш ауысымда оқытатын 49 мектеп бар», – деді Амандық Баталов.
Үкіметтің қолдауымен соңғы 5 жылда 26,9 мың орындық 49 мектеп салынды. Бірақ туу көрсеткіші мен ішкі көші-қонның жоғары болуына байланысты үш ауысымды мектептер саны өсуде.
38 колледжде 487 кәсіпорынның қатысуымен және 25 кәсіп пен мамандық бойынша 2350 студентті қамти отырып, дуальді оқыту енгізілді.