Аманаттықтар Екібастұздың тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтуді жалғастырып жатыр
Бүгін Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына «AMANAT» партиясынан кезекті гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл – 200 жылытқыш, 400 жылы көрпе, 100 батарея және басқа да қажетті заттар.
Алматы, NEGE. Айта кету керек, Екібастұзда бір аптадан астам уақыттан бері волонтерлер штабы жұмыс істеп тұр. Штабта «Жастар Рухының» және өзге де ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді.
Ол гуманитарлық көмек бір орталықтан таратылатынын атап өтті. Жылытқыш алуға өтінімдертек волонтерлер штабының 77054057128, 77779965010 байланыс нөмірлері немесе Екібастұз қаласы, Павлодар көшесі, 10 үй мекенжайы бойынша қабылданады.