AMANAT партиясы қарапайым еңбек адамының мүддесін қорғайды
AMANAT партиясы сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып жатыр. Бүгін партияның Шымкент қалалық штабының өкілдері «Шымкент Темір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларымен кездесіп, саяси ұйымның алдағы бесжылдықта атқаратын жұмысының бағыт-бағдарын түсіндіріп берді.
Алматы, NEGE. – AMANAT партиясы Сіздер секілді қарапайым еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, табысын арттыруға күш салады. Әсіресе, ірі бизнес өкілдері өз қызметкерлерінің денсаулығы мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүдделі болуы тиіс. Сол үшін Үкімет жұмысшыларының жалақысын арттырған компанияларға салықтық және басқа да ынталандыру шараларын қабылдауы тиіс. Біздің партиямыз осы мәселенің заңнамалық деңгейде шешілуін көздейді. Бүгінде Шымкент қаласындағы орташа жалақы 230 мың теңгені құрайды. Шымкент үшінші мегаполис болғанымен, орташа жалақы мөлшері бойынша республика өңірлері арасында 18-ші орында тұр. Инфляция мен азық-түлік қымбатшылығы қысып тұрған кезеңде жалақының көбеюі өте маңызды. Біздің мақсатымыз – 2027 жылдың соңына дейін Шымкент қаласындағы орташа жалақыны 372 мың теңгеге дейін көбейтуге ықпал ету, – деді AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы.
Айта кетейік, партия 2023-2027 жылдары қала аумағында жаңадан 2 индустриялық аймақтың ашылуына және сол арқылы 80 мың жұмыс орнының құрылуына ықпал етеді. Оның ішінде 45 мыңы тұрақты жұмыс орындары болмақ.
Кездесу барысында жұмысшылар еңбек қауіпсіздігін күшейту және медициналық-әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыс берушінің есебінен жарна аудару мәселелерін қозғады. Аманаттықтар бұл мәселелердің сайлауалды бағдарламада қамтылғанын, алдағы уақытта еңбек адамының мүдделін қорғау заңнамалық деңгейде күшейтілетінін айтты.
Кездесудің соңында «Шымкент Темір» зауытының еңбек ұжымы алдағы сайлауда AMANAT партиясын бірауыздан қолдап, дауыс беретіндіктерін жеткізді.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.