Алжирде орман өртінен 42 адам қаза болды

Алжирдегі орман өртінен 42 адам опат болды. Оның 25-і – тілсіз жауды ауыздықтауға тартылған сарбаз.

Алматы, NEGE. Бұл туралы ел үкіметі хабарлады. Тағы ондаған жауынгерді күйік шалыпты.  Бұдан бөлек, жалын бірнеше үйді тып-типыл еткен. Апат аймағынан шұғыл көшірілген тұрғындар мектептерге, студенттік жатақханалар мен қонақ үйлерге орналастырылған. Жалпы қазіргі уақытта елдің 16 провинциясында өрт болып жатыр. Мамандарға халықтың арасынан жасақталған еріктілер көмектесуде. Сонымен қатар, ел билігі лаулаған жалынды тезірек сөндіру үшін бірнеше ұшақты жалға алмақ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды