Аляскада ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-тың Аляска штатындағы Бетел қаласы маңында шағын ұшақ апатқа ұшырап,бес адам қайтыс болған. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйеніп, РИА новости хабарлады.
Алматы, NEGE. Жергілікті Yute Air авиакомпаниясының ұшағы штаттың батыс жағалауындағы Бетел қаласынан Кипнук елді-мекеніне қарай бет алған. Ұшақ бортында ұшқыштан бөлек төрт адам болған.
«Шамамен сағат 13.50-де қаладан оңтүстік-батысқа қарай 12 миль жерден ұшақ қирандылары табылды. Үйлестіру орталығының дабылы бойынша құтқарушылар оқиға орнына жедел жеткенімен, адамдарға көмек қажет болмаған. Олардың барлығы да қазақ тапқан», делінген хабарламада.