Альварес британдық Райдерді жеңді

Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес британдық боксшы Джон Райдерді мерзімінен бұрын жеңді

, деп жазды Sputnik. 

Алматы, NEGE. Жекпе-жек Гвадалахарада (Мексика) өтіп, Альварестің жеңісімен аяқталды. Төрешілер бірауыздан шешім қабылдады.

Мексикалық спортшы IBF, WBC, WBA Super, WBO және The Ring титулдарын сақтап қалды.

32 жастағы Альварес 59-шы жеңісіне жетті (39 нокаут). Ал 34 жастағы Райдердің 32 жеңісі (18 нокаут) және алты жеңілісі бар.

Бұған дейін турнирде жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы украиналық Александр Гвоздик латвиялық Ричард Болотникті алтыншы раундта нокаутқа түсірген болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр