Алуа Нұрман блиц шахматтан Азия чемпионы атанды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен блиц шахматтан Азия чемпионатында 18 жастағы алматылық шахматшы Алуа Нұрман топ жарды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Швейцариялық жүйе бойынша өткен сары құрлық додасында Алуа жеті партияда жеңіске жетіп, бір кездесуде тең түсті. Тек бір ойында ғана қарсыласына жол берді. Соңғы турда тағы бір отандасымыз Ксения Балабаеваны жеңгенін айта кеткен жөн.

Осылайша, отандасымыз 7,5 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды.

Басқа жерлестеріміздің нәтижесі: Елназ Қалиахмет – 5-орын, Ксения Балабаева – 7-орын, Лия Құрманалиева – 10-орын.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?