«Altyn Samǵaý-2021»: Еліміздегі үздік спорттық аймақ анықталды

Елордадағы «Экспо» Конгресс-Орталығында «Altyn Samǵaý-2021» Ұлттық спорттық жүлдесін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Ұлттық Олимпиадалы комитеттің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада «Еліміздің ең үздік спорттық аймағы» да анықталды. Бұл аталым бойынша Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы үздік деп  танылды.  Айта кетейік, қалада 3611 спорттық нысан жұмыс істеп тұр. Соңғы жылда 212 арена қолданысқа берілген.  Сондай-ақ  2021 жылдың соңында бірнеше спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады. Қазіргі таңда Алматы қаласының 1033 спортшысы Қазақстан ұлттық құрама командарының қатарына еніп, Азия, әлем чемпионаттары мен өзге де республикалық және халықаралық турнирлерде жоғары нәтиже көрсетіп жүр. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр