«Алтынбек шыңы»

Райымбек ауданы Сарыжаз ауылының тұрғындары жоңғар-ойраттардан қалған Лабасы деген тау атауын өзгерту туралы өз ұсыныс-талаптарын көптен бері білдіріп жүр. Олардың қалауы – шыңды мемлекет пен қоғамға зор еңбек сіңірген, халық мүддесі жолындағы күресте жүріп қастандықтан қаза тапқан Алтынбек есімімен атау.

Алматы, NEGE. Алтынбек Сәрсенбайұлының жерлестері оның туған күніне орайластырып, игілікті шараны қолға алды. Таудың ең биік нүктесіне «Алтынбек шыңы» деген белгі орнатты.

Ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары мен оқушылары биіктігі 3488 метр болатын шыңға көтерілді. Осылайша өздері ардақ тұтқан тұлғаның  арманын, дәстүрге айналдырған табиғат аясындағы сапарын  жалғастырды.

Қазір оқып жатыр

Ресейде жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтар 10 тәулікке қамалды

Усть-Лугадағы жаппай төбелес: қазақстандық жұмысшылармен болған жағдай реттелді

Басынан оқ жарақатын алған: Таразда кәсіпкердің мәйіті табылды

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды