Алтынбек Сәрсенбаевтың есімі берілетін мектепте салтанатты іс-шара өтті

Райымбек ауданы Сарыжаз ауылындағы орта мектепте Алтынбек Сәрсенбаевқа арналған салтанатты іс-шара өтті.

Алматы, NEGE. Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылындағы орта мектепке Алтынбек Сәрсенбаевтың есімі берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.

Іс-шараны ауыл тұрғындары, Алтынбек Сәрсенбаевтың сыныптастары, достары ұйымдастырды.

Мектепте арнайы ескерткіш тақта орнатылды, концерттік іс-шара ұйымдастырылды.

Сарыжаз ауылындағы мектепке Алтынбек Сәрсенбаевтың есімін беру туралы шешім шығарған. Ол шешім Республикалық Ономастикалық комитеттің қарауына кетті. Комитет мақұлдаса, орта мектепке Алтынбек Сәрсенбаевтың есімі беріледі.