5 декабря 2020 г. 10:13

«Алтын тобылғы» әдеби жүлдесін кім алды?

Фото:

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын қорытындылады.

Алматы, NEGE. Мейірімді оятар әсерлі оқиға, қызықты жайт, жүрек тебірентер хикая, жалынды өлеңдер.

«Алтын тобылғы» әдеби байқауына қатысқан жас ақын-жазушылардың шығармаларын осылай сипаттауға болады. Байқауға Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мұрындық болған, бұл биыл алтыншы рет өтті.

Жоба жыл сайын шығармашыл жастардың назарын аударып, қаламының ұшталуына шабыт беріп келеді. Пандемияға байланысты биыл байқау жеңімпаздары онлайн түрде жарияланды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев іс-шараның ашылу салтанатында:

«Алтын тобылғы» – жыл санап танымал болып келе жатқан жобаның бірі. 2015 жылы байқауға 120 шығарма қатысса, биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен 161 туынды бақ сынады. Әр авторға байқауға қызығушылық танытқаны үшін, ерекше шығармалары үшін алғыс айтамыз», – деді.

Тегтер: