«Алтын Орда» театры алғашқы қойылымын сахналады

Оралда Наурыз мерекесіне орай «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрының алғашқы қойылымы сахналанды.

Алматы, NEGE. Театрдың премьерасы актриса, драматург, ҚР Мәдениет саласының үздігі Айжан Атымтаеваның «Кім патша?» ертегісімен ашылды.

Ертегіні қойған Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актері әрі режиссеры Самал Әбуовтің айтуынша, аталған театр Алтын Орданың 750 жылдығына орай Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мәдени-ағарту бірлестігі жанынан өткен жылы құрылған болатын.

«Биыл ақпан айында үш рет кастинг жасап, талапты балаларды іріктедік. Айға жетер-жетпес уақытта осы ертегіні шығардық. Бұл – театрдың ең алғашқы қойылымы», дейді С.Әбуов.

Театрдың ашылу салтанатына Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков, осы өнер саласының белді өкілдері қатысып, жас ұжымға сәттілік тіледі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?