22 июля 2022 г. 19:23
«Алтын Орда» базарына иелік ететін компанияға 1,4 млн теңге айыппұл салынды
«Altyn Orda qaztrade LTD» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.
Алматы, NEGE. - Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодкесінің 159 бабының 3 бөлігіне сәйкес, Монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған монополиялық кіріс 46 976 550 тенге көлемінде тәлкілене отырып, 1 424 776 тенге көлемінде айыппұл салынды, – делінген агенттік хабарламасында.
Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.