Алтын Орда базары маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Алтын Орда базары маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде қайғылы оқиғаның видеосы тарады. Алматы қалалық полиция департаменті бұьл жағдайдың 7 қазан күні, сағат 18.50 кезінде болғанын хабарлады.

«Volkswagen Passat» маркалы автокөліктің Ш. есімді жүргізушісі Ташкент жолының бойымен шығыс бағытта келе жатып, Нұрлы көшесімен қиылыста А. есімді азаматты қағып кеткен. Ол жүріс бөлігін оңтүстік бағытта, белгіленбеген жермен өтіп бара жатқан.

«Жол көлік оқиғасы салдарынан алған жарақаттан 1944 жылғы азамат оқиға орнында көз жұмды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады