«Алтын орда» базары директорының орынбасары ұсталды

«Алтын орда» базары директорының орынбасары Алматыда ұсталды, деп хабарлады «Пятый регион».

Алматы, NEGE. «Күдіктілер 2 маусымда қамауға алынған. Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне BMW көлігіндегі қарулы адамдар туралы ақпарат келіп түскен. Ұсталғандар арасында "Алтын Орда" әмбебап базары директорының орынбасары да бар», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ полиция бұл факті бойынша "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" (Қылмыстық кодекстің 287-бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Алайда базардың баспасөз қызметі қамауға алынған күзетшілердің қару ұстауға рұқсаттары бар екенін айтты.