Алтын маска таққан кәсіпкер қайтыс болды

Алтыннан құйылып жасалған маска таққан үндістандық кәсіпкер қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясында тұратын Шанкар Кураде коронавирус жұқтырып, асқынған пневмониядан көз жұмды.

49 жастағы кәсіпкер коронавирустан қорғану үшін салмағы 60 г болатын алтын маскаға тапсырыс берген. Оны жасауға 8 күн кеткен, ал құны 4 мың АҚШ долларын құрады.

«Бұл – тыныс алуыма мүмкіндік беретін ұсақ тесіктері бар алтыннан жасалған жұқа маска. Мені коронавирустан қаншалықты тиімді қорғайтынына сенімді емеспін, бірақ мен басқа да сақтық шараларын қолданып жүрмін», - деген болатын Кураде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?