«Алтын күн аспаны...»

"Алтын күн аспаны..."

деп шенді саспады.

Кеудеге қол қойды, 

Әнұран бастады. 

 

Өзгеше дастаны, 

Ел-жерін қоспады. 

"Мендік" деп қояды

Қолымен басқанын. 

 

Алтыннан аспаны, 

Күмістен тостағы.

Халықтың несібін, 

Бағым дер бастағы.

 

Сұңқардай шашпады, 

Жұрт құсап қашпады. 

Елестер мұндайда, 

Қарақұс басқаны. 

 

Кей шенді, шекпенді,

Ел-жерім деп келді. 

Көз көрді басын да

күйттеп кеткенді. 

Арман Құдайберген

 

 

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды