«Алтын қалам» иесін тапты
Бүгін Алматыда «Алтын қалам» әдеби жүлдесі аясында әдеби «Оскар» сыйлығы табыс етілді.
Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге беріледі. Жеңімпаздар Әлемдік экономика және саясат институтының әлеуметтанушысы Айман Жүсіпова жетекшілік еткен әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша анықталды. Зерттеуге әдебиет, ғылым, бизнес саласындағы беделді 70-ден астам сарапшы қатысып, қазақстандық әдебиеттің даму барысы мен бүгінгі кітап нарығының жағдайына байланысты жеке пікірлерін білдірді.
1. Жылдың үздік баспасы – Досым Сатпаев
2. Жылдың әдеби дебюті – Ержан Рашев. «Человек на балконе. Дневник алматинского лазура».
3. Кiтап like (оқырмандар таңдауы) – «Черная звезда». Авторы Юрий Серебрянский, Бакытжан Момышулы.
4. Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік щшығарма – «Живая память. Сталинизм в Казахстане – Прошлое. Память. Преодоление». Коллективная монография.
5. Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін) – Досым Сатпаев.
Жеңімпаздарға сыйлық ретінде таңдап алынған мүсінде білім мен күш-қуаттың символы ретінде кітапты басынан жоғары көтерген әйел бейнеленген.Бұл мүсіндер «Эльдани» қаййырымдылық қорының сәндік-қолданбалы шеберханасында дайындалды. Ерекше шеберхананы мүмкіндігі шектеулі жандар шапы отыр. Марапатқа ие болғандармен Ұйымдастыру комитетінің мүшелері Досым Сатпаев, Сәкен балбаев, Расул Жұмалы, Бекнұр Қисықов шағын сұхбат жүргізді. Марапаттау шарасында ұйымдастырушылардың бірі Кенже Жұманұлы қазіргі замандағы әдебиет өміріміздің, тұрмыс-тіршілігіміздің айнасы екенін, оқырмандардың сипаттамасы бойынша әдеби «Оскар» деген атаққа ие болған марапат өмірімізді жақсы жағына қарайй өзгертуге тырысқан қалшамгерлер үшін мәпртебе әрі қолдау болатынын атап өтті.
«Осымыен үшінші рет символикалық марапатымызды табыстай отырып, біздің тұрақты демеушілеріміз, серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз», – деді Кенже Жұманулы.