«Алтын белгіге» үміткерлер үшін талаптар күшейтіледі
Түлектер үшін емтиханды тәуелсіз ұйым өткізетін болады.
Алматы, NEGE. Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
«Келісі оқу жылынан бастап «Алтын белгіге» үміткерлер үшін талаптар ары қарай күшейтіледі. Біз оны кезең-кезеңмен жыл сайын өзгертіп жатырмыз. Өткен жылдары бұл мәселені көтеріп, біраз өзгерістер енгіздік. Биыл енді екінші кезең қамтылады. Екінші кезең дегеніміз, жылдық «бес» бағасымен қатар, үміткерлердің 5-11 сынып аралығындағы барлық тоқсандық бағалары да «5» болуы керек деген қағида енгізіледі. Оны өте маңызды қағида деп санаймын. Сондықтан осы шешімді де қабылдап отырмыз», - А. Аймағамбетов.
Оның айтуынша, түлектер үшін емтиханды тәуелсіз ұйым өткізетін болады. «Бұл реформа оң нәжесін береді деп сенемін», - деді министр.