«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» тек Қазақстан азаматтарына беріледі

Қабылданған заң аясында мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

gov.kz

Алматы, NEGE. Мемлекеттік наградалар тізбесінен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы ұғымы алынып тасталып, ел мүддесін қорғауда көрсеткен ерлігі, батырлығы, қаһармандығы үшін және адам өмірін сақтап қалуға байланысты жағдайларда қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттау мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан бекітеді. Сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарға Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы туралы талап белгіленді.

Сондай-ақ ордендер мен медальдарды, төсбелгілер мен оларға арналған құжаттарды толығымен немесе сыртқы түрі не атауын мемлекеттік наградаларға ұқсас етіп белгілеуге және дайындауға тыйым салынады.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады