2 сентября 2022 г. 14:57

Алты немесе одан да көп балалы аналардың жәрдемақысы өседі

Фото:

Алты немесе жетіден көп бала туып, тәрбиелеген көпбалалы аналарға құрмет ретінде наградталған аналар мәртебесі белгіленетін болады.

Алматы, NEGE. "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналар үшін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады. Бұл туралы Әлеуметтік кодекс жобасында қарастырылған.

Сонымен қатар кодекс жобасында ана мен баланы қолдаудың бірнеше нормасы бар. Атап айтқанда:

- Бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлем төлеу мерзімдері 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылады. Төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда, оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталады:

- Бала дүниеге келгенне дейінгі соңғы 2 жылда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6 айдан аз уақыт қатысқан ата-аналар жұмыс істемейтін адамдармен қатар республикалық бюджеттен төленетін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алады;

- 6 немесе 7-ден көп бала туып, тәрбиелеген көпбалалы аналарға құрмет ретінде наградталған аналар мәртебесі белгіленеді. Қазір олар бірдей мөлшердежәрдемақы алады;

- Мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке көмекшілерге зейнетақы тағайындау кезіндегі жұмыс өтіліне қосу үшін 2023 жылдан бастап зейнетақы жарналары жүзеге асырылады;

- АӘК алатын балаларға қосымша төлем белгілеу арқылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтама монетизацияланады.

Тегтер: