Алтай ауданы Средигорное ауылы қыста жылусыз қалуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Средигорное ауылындағы жалғыз жылу қазандығының жұмысы тоқтауы мүмкін.

Алматы, NEGE. Монополияға қарсы қызмет кәсіпорынға 75 миллион теңге айыппұл салған. Қазандық монополистер реестріне тіркелмей жұмыс істеген екен. Сондықтан соңғы 5 жылдағы кірістің бір бөлігін қазынаға қайтаруы тиіс. Жылу беретін мекеме басшылығы «бұл санкция кәсіпорынды банкротқа ұшыратады» деп алаңдайды. Осы орайда айыппұлды жеңілдетуді сұрап отыр. Қазандық Средигорное ауылындағы 30 екі қабатты үйге жылу береді. Қазір тараптар арасындағы дау Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа жіберілді. Ал тұрғындар қыс таяп қалғанда жылусыз қаламыз ба деп қорқады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады