Әлішер Ерғали әлемдік рейтингте үздік он балуанның қатарына кірді

Венгрияда аяқталған рейтингілік турнирден соң Біріккен күрес әлемі (UWW) балуандар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Аталған жарыста топ жарған Әлішер Ерғали 97 келі салмақта 8-орынға тұрақтаған. Бұл салмаққа енді ауысқан Ризабек Айтмұхан 18-орында.

Мейрамбек Қартбай (57 келі) төртінші, Болат Сақаев (79 келі) алтыншы сатыда.

Азамат Дәулетбеков 86 келінің көшін бастап тұр. Ол бірнеше айдан бері рейтингте бірінші орында келеді.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді