Алпыс адамға ас берген мейрамхана жауапқа тартылды

Ақтөбе облысындағы мейрамханада 60 адамға ас беру рәсімі өткен.

Мейрамхана қожайыны әкімшілік жауапқа тартылды.

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 21 шілдеде Қобдадағы полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы аудан ауылдарының бірінде карантин ережесі бұзылғанын тіркеген. Мейрамханалардың бірінде ас беру өткен. Оған 60 адам жиналған. 

Мейрамхана қожайыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша әкімшілік жауапқа тартылған.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді