Альпинистер Эверестке аттанды

Непал үкіметінің өкілдері альпинистер үшін әлемдегі ең биік шың – Эверестің ашылғанын мәлімдеді. Бұл өткен жылдың наурызында карантин енгізілгеннен кейін алғаш рет болады, – деп хабарлайды Reuters.

Алматы, NEGE. Туризм департаментінің басшысы Мира Ачария Эверестке өрмелеуге сәуір айының басынан бастап рұқсат етілетінін мәлімдеді. Ол санитарлық ережелер қатаң сақталатанын да айтты. Эверестті бағындыруға тырысқысы келетін 300-ден аса өтініш келіп түскен. Бұл 2019 жылдың сәуірінде тіркелген рекордтық 380 өтініштен соншалықты аз емес.

«Елге келген кезде бір апта карантинде болу және коронавируске теріс тест талап етуге қарамастан, Непал жағындағы альпинистер саны одан да көп болуы мүмкін. Өйткені Қытайдың Эверест баурайы осы маусымда жабық болады», – деді Мира Ачария.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді