Альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Президент қазақстандық спортшы Ерванд Ильинскийді жоғары мемлекеттік наградамен марапаттап, жарлыққа қол қойды. 

mk-kz.kz

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық альпинист Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жарлықта спортшының альпинизм саласындағы жоғары жетістіктері ғана емес, елдегі спортты дамытуға сіңірген еңбегі мен қоғамдық өмірге белсенді араласқаны да ерекше атап өтілген.

«Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін», – деп жазылған жарлықта. 

Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізілді. 

Қазір оқып жатыр

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды