Алпауыт миллиардерлер елімізді сазға отырғызып кетуі мүмкін бе?

Маңдайымызға біткен олигархтарымыздың істеген ісі мен жүріс-тұрысы күрделі. Кей әрекеттеріне қарап осылардың есі-дерті дала ма деп ойлап қалады екенсіз.

NEGE

Жердің асты-үстіндегі байлығымызды қолына қондырған олигархтарымыздың жүргізетін саясатын дөп басып тану да оңай емес. Nege.kz ақпараттық-сараптамалық порталы әлемдік ERG корпорациясының Қазақстандағы кәсіпорындарында болып жатқандарды және олигархтардың беталысы жайлы жан-жақты саралап материал жариялап тұрады. Соңғы жарияланымы «Енді сен ие бол. Еураолигархтар НЕГЕ Қазақстанды балаларына қалдырды?» деген тақырыппен жарыққа шықты. Елдің ен байлығын миллиардерлер ұрпағына мұраға қалдырып жатыр ма деп те ойлап қаласыз. Әрі олардың қаржыны сыртқа аттандырып жатқаны, қазба байлықтарымызды шет ел банкіне кепілге рәсімдегені көңілді алаңдатады.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды