«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды
28 сәуір күні «АЛМЭКС» холдингтік тобының құрылтайшылар құрамы өзгерді. Қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, компанияның жалғыз акционері енді Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген Almex Holding Limited ұйымы болды.
Астана, NEGE. Соған қарамастан, холдингтің түпкілікті бенефициар иелері өзгерген жоқ. Бұрынғыдай Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева негізгі меншік иелері болып қала береді.
Компания өкілдері бұл өзгерістерді корпоративтік басқару жүйесін жетілдірумен байланыстырды. Олардың айтуынша, басқару құрылымын ірі қаржы топтарында қолданылатын тәжірибеге сәйкестендіру мақсатында активтер жаңа юрисдикцияға ауыстырылған. Сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығы қазіргі заманғы корпоративтік басқару және ақпараттың ашықтығы стандарттарына сай келетін платформа ретінде таңдалғаны айтылды.
Бұл өзгерістер «Халық банкінің» акционерлік құрылымына әсер еткен жоқ. «АЛМЭКС» холдингі қаржы институтының мажоритарлық акционері мәртебесін сақтап қалды.