Алматы-Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызынан өрт шықты

Бүгін техникалық себептерге байланысты 'Астана-Петропавл' учаскесінде №105 'Алматы-Петропавл' пойызы жөнелтілмейді, деп жазады 'Қазақстан темір жолы' ҰК' АҚ баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 2022 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 04.27-де "Алматы-Петропавл" бағытындағы № 105 жолаушылар пойызы техникалық вагонның ақауына байланысты "Қарағанды-Астана" учаскесінде шұғыл аялдама жасады.

Ақпаратқа сәйкес, пойызда 184 жолаушы болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жолаушылар "Мырза – Шоқай" аралығынан Астанаға дейін жетіп алуы үшін №3/4  "Алматы – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" (Тальго) пойызына отырғызылады.

Бурабай курорты, Көкшетау және Петропавл станцияларына бағыт алғандар үшін Астана станциясынан Петропавл станциясына дейін  жеке құрам ұйымдастырылды.

Тексеру жүргізу үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ комиссиясы құрылды.