Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолының құрылысы қашан аяқталады?

Алматы мен елорданы жалғайтын көлік жолының құрылысы 2 жылдан кейін ғана аяқталады.

Алматы, NEGE. Біздің арна бағдарламасына қонаққа келген Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі осылай деді. Берік Қамалиевтың айтуынша, республикалық маңызы бар жолдың құрылысы 2023 жылдың соңына қарай бітуі тиіс. Ал биыл мердігерлер Балқашқа дейінгі жолды тақтайдай тегіс етпек. Бұл трасса 4 жолақты болады. Вице-министр Қызылорда мен Жезқазған арасында қашан жол салынатынын да айтты.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев: "Алматы - Нұр-Сұлтан тас жолының құрылысы 2023 жылы аяқталады. Биыл Балқашқа дейінгі аралықты салып бітеді. Ал Қызылорда мен Жезқазғанның арасын жалғайтын жолдың жобалық-сметалық құжаты дайын. Қажет қаржыны Еурпалық банк пен Азия даму банкі бөледі. Құрылысты биыл бастаймыз деп отырмыз. Жалпы ұзындығы 496 шақырым болатын жолды 3 жылда салып бітеміз" деді. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды