Алматының төрт ауданында ақылы автотұрақ іске қосылады

Бостандық, Түрксіб, Жетісу және Наурызбай аудандарында ақылы тұрақ іске қосылады.

Алматы, NEGE. Автотұрақтар 30 желтоқсанда жұмысын бастайды. Бостандық ауданында тоғыз аймақ пен 710 автотұрақ, оның ішінде 45 орын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орын.

Түрксіб ауданында бір аймақ, 305 автотұрақ, 15 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орын бар.

Жетісу ауданында екі аймақ, 201 автотұрақ және 20 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орын бар.

Наурызбай ауданында 75 көлік тұрағы бар бір аймақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі орын болады.

Тұрақ ақасын "Алматы автотұрақтары" қосымшасы арқылы төлеуге болады. Автотұрақ күн сайын таңғы 8:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Бір сағаттың құны - 100 теңге.

Сондай-ақ, кейбір ұялы байланыс операторларының мобильді шотындағы теңгерім арқылы тұрақ ақысын төлеуге болады.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен