Алматының тау бөктерінен өрт шықты

Қалада отшашу ұйымдастыру салдарынан тау бөктерінен өрт шықты.

Алматы, NEGE. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт 21 тамыз күні қаладағы Дулати көшесінде, экокөпірден жоғары орналасқан Алмаарасан шатқалында орын алған. «Оқиға орнына Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті табиғи өртті сөндіру жасағы, сондай-ақ Іле Алатауы Ұлттық саябағының қызметкерлері жіберілді. Тау бөктерінің биік болу себепті өрт сөндірушілер өрт ошағына жаяу барды.

Оқиға орнына келіп жеткенде, ондағы қураған шөп, бұта өртеніп жатқаны анықталды. Қолданған шаралардың арқасында жалын бір сағатқа жетпей, яғни сағат 20:54-те сөндірілді, өрт 5 шаршы метр аумаққа тараған. Онымен күрес жұмыстарына Іле Алатауы Ұлттық саябағының 24 қызметкері, 4 техника бірлігі, ТЖД жеке құрамының 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді