Алматының Наурызбай ауданында заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды

Өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету шаралары аясында " Ақжар" шағынауданында 1,5 жылдың ішінде өрт сөндіру депосы салынды.

Алматы, NEGE. Қала күнi мерекесiне орай Наурызбай ауданында өрт сөндіру бөлiмі ашылды. Өрт сөндіру бөлімі ауданның 159 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсететін болады.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өрт сөндірушілерді бөлімшенің ашылуымен құттықтап, қызметтері үшін алғысын білдірді. Жаңа өрт сөндіру бекеті оқиға орнына бару уақытын қысқартады және өрт қауіпсіздігінің тиімділігін арттырады. Депоның ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлы, Алматы қаласының ТЖД басшылары мен азаматтық қорғау ардагерлерi қатысты.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты