Алматының коммуналдық паркі газбен жүретін жаңа 37 автобус алды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес  коммуналды және қоғамдық көлік жоспарлы түрде экологиялық таза отындарға көшуде. Басты мақсат – қаланың экологиясын жақсарту және жолаушыларды тасымалдаудың сапасын арттыру.

Алматы, NEGE. Жаңа автобустар партиясының бөлігін тұрғындар жаңартуды және күшейтуді өтінген 34 бағыт бойынша жүргізу жоспарлануда.

Бүгінгі күні автобустар техникалық байқаудан өтіп, құжаттары рәсімделуде. Оларды 2021 жылы 20 наурызында іске қосу жоспарлануда.

Жаңа ұзындығы 12 метр болатын жаңа автобустардың сыйымдылығы 90 адамдық, үш есігі бар, оның біреуінд е мүмкіндіг шектеулі жандар үшін платформаы бар. Автобустар автоматты бейнебақылау жүйелерімен, жолаушылар санын есептейтін және жүргізушілердің шаршағанын бақылайтын датчиктермен жабдықталған.

Еске салсақ, жаңадан қослыған көліктерді есептегенде қала бағыттарында газбен жүретін 389 автобус қызмет көрсететін болады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті