Алматының ірі сауда ойын-сауық кешенінен адамдар эвакуацияланды

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Сәтпаев көшесінде орналасқан «АДК» сауда ойын-сауық кешенінен адамдар эвакуацияланды.

Алматы, NEGE. Қаланың төтенше жағдайлар және жедел қызметтері жарылғыш зат туралы хабарламаға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Адамдарды эвакуациялау кезіндегі видео Инстаграмның kris_p_Almaty парақшасында жарияланды.