Алматының екі ауданында тамыз айына дейін ыстық су болмайды

Алматы қаласының Наурызбай және Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

Алматы, NEGE. «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Наурызбай және Түрксіб ауданында орналасқан бірқатар үй мен ғимаратта ыстық су бірнеше күнге тоқтатылады. 19 шілде мен 23 шілде аралығында мына көшелерде ыстық су болмайды: - Остроумова – Дегдар – Красногорская; 21 шілде мен 9 тамыз аралығында: - Райымбек – Әшімов – Абай – Карьерная; 21 шілде мен 17 тамыз аралығында: - Гете – Майлин – Заславский – Новосибирская, -Лавренева – Дунентаев – Соболева – Зимняя - Сүйінбай – Бекмаханов. 21 шілде мен 18 тамыз аралығында: - Собинов – Монтажная – Поддубного – Беринг көшелерінде орналасқан үйлер мен ғимараттар ыстық судан ажыратылады. Компанияның мәліметінше, уақытша шектеулер су жылыту жабдықтары мен қазандықтарды жөндеу жұмысына байланысты енгізілген.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады