Алматының бұрынғы теміржол ауруханасының ғимаратында балаларды оңалту орталығы ашылады

Алматы теміржол ауруханасының тарихи ғимаратында балаларға арналған оңалту орталығы ашылады. Қазір бұл нысан үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Алматы, NEGE. Жұмыс 2024 жылы басталады. Орталық бұрынғы теміржол ауруханасы ғимаратының тарихи келбетін сақтай отырып, ең озық құрылғылармен жабдықталады.

Барлық жұмыс қаланың даму жоспарына сәйкес жүргізіледі.