Алматының бас санитар дәрігері тағайындалды
Алматының бас санитар дәрігері болып Қарлығаш Әбдіжаббарова тағайындалды.
Алматы, NEGE. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығымен 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап департамент басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова жаңадан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындалғанға дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып тағайындалды» делінген хабарламада. Еске салайық, Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты қызметінен босатылды.