Алматының Алмалы ауданы қалай абаттандырылып жатыр?
Жыл соңына дейін 2 қоғамдық кеңістік – «Қазақстан-Британ техникалық университетінің» төмен жағындағы скверді және К. Бәйсейітова атындағы жаяу жүргіншілер көшесін жаңғыртуды аяқталады.
Алматы, NEGE. Жыл басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 25 үйдегі 60 лифт жабдығы ауыстырылып, 4 үйдің жалпы мүлкі жөнделді.
Жыл соңына дейін қосымша 2 үйде тағы 3 лифт ауыстырылады және 8 үйде ортақ пайдаланылатын мүлік жөнделеді.
2 ауланы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған 3 ауладағы күрделі жөндеу жұмыстары 15 қарашаға дейін аяқталады.
40 шағын қабатты тұрғын үйдің қасбеті жөнделді және қалған 4 қасбет 15 қарашаға дейін жөнделеді
Аула аумақтарымен бірге ортақ пайдаланылатын жерлердегі 5 400 ағаш санитарлық кесіледі және 660 апатты ағаш оталады. Жыл соңына дейін тағы 490 апатты жағдайдағы ағаш кесіледі.
Ауданда 100 көшет отырғызылып, қараша айының соңына дейін олардың жалпы саны 2,5 мыңға дейін жеткізіледі.
Сонымен қатар, Алмалы ауданында жыл соңына дейін 541 бейнекамера орнатылады. Камералар адам көп жиналатын жерлерге, аулаларға және көше қиылыстарына (223 камера) орнатылады.
Қолданыстағы 947 камераға есептелген 177 «Сергек» автоматтандырылған-бағдарламалық кешеніне қосымша 400 камераға есептелген 38 «Сергек» автоматтандырылған-бағдарламалық кешені орнатылады.
Жалпы, барлық жұмыс аяқталғаннан кейін Алмалы ауданындағы камералардың жалпы саны 1 469 бірлікке дейін артады.
Аудан тұрғындарының өтініші бойынша жарық орнатылмаған жерлерге қосымша 40 көше жарықтандыру тірегі орнатылды және 6 көше бойында ескі жарықтары жаңартылды.⠀
Жыл соңына дейін Розыбакиев және Байтұрсынов сынды тағы 2 көшедегі жарық жаңартылады.
Алмалы ауданында жаңа емхана салынады. Аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсарту және әлеуетін іске асыру мақсатында қазан айында Мәуленов көшесі, 46а мекенжайында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» тағы 1 филиалы ашылды.⠀
Амангелді көшесіндегі ҰОС қалалық емханасының ғимаратын күрделі жөндеуге құжаттама әзірленіп жатыр. Әйтеке би көшесіндегі 500 келушіге арналған жаңа емхананың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу басталды. Ол ревматологиялық орталықтың орнында салынады. Құрылыс 2024 жылдың көктемінде басталады.
Тағы да айта кететін жайт, әкімдік оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім беру нысандарын жөндеу бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Бұл туралы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Жыл басында 2 мектептің (№34 және 144 гимназия) 850 орындық 2 қосымша құрылысы пайдалануға берілді және 10 қарашада «Prometheus school» 850 орындық жеке меншік мектебі ашылады.
№ 15-ші гимназияны сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан 2023 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі.
Келесі жылы №136 және 58-ші мектептің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізіп, сейсмикалық күшейту үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленеді.