Алматының Алатау ауданында 10 күн ыстық су болмайды

Алматының Алатау ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, Алатау ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су 10 күнге өшіріледі.

«2020 жылдың 7 шілдесі мен 17 шілдесі аралығында «Саялы-2» ықшам ауданында ыстық су болмайды. Арқалық және Саин көшесінің шығыс жағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су беру шектеледі» делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты енгізілген.

Қазір оқып жатыр

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді

Қазақстанда жылу электр орталықтарын Ресейдің орнына Сингапур салатын болды