Алматының таулы аймағында тұрғын үй салуға мораторий енгізіледі

Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXХVI сессиясы өтті. Онда «Алматы қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларын бекіту туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Сессияда қаланың таулы аудандарында тұрғын үй кешендерінің құрылысына шектеу қоятын мораторий жобасы таныстырылды.

Бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік инфрақұрылым және туристік кластер нысандарын қоспағанда көппәтерлі тұрғын үйлер мен тұрғын кешендер салуға тыйым салынады. Сондай-ақ егер нысан қолданыстағы әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымға қосымша салмақ түсіретін болса, тығыз құрылысқа жол берілмейді.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді