Алматының тау бөктерінде заңсыз салынып жатқан нысан бұзылды

«Қорғаушы-Защитник» бау-бақша серіктестігінде рұқсат құжаттарынсыз салынған үш қабатты ғимарат қала билігінің талабы бойынша бұзыла бастады.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, нысан жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, сондай-ақ жұмыстың басталғаны туралы хабарламасыз салынған.

Нысан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен жұмыс барысында анықталды.

Меншік иесіне заңсыз құрылысты бұзуға және жер телімін бастапқы қалпына келтіруге нұсқама берілді. Иесі өз еркімен бұзуға кірісті.

Былтырдан бастап қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда құрылысқа бақылау күшейтілді. Қазірдің өзінде 52 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері бұзылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?