Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары аяқталды

11 тамыздан бастап жөнделген даңғылдың оңтүстік жағында қозғалыс ашылды. Жұмыс Рысқұлов-Күдерин жолайырығынан Рысқұлов-Бөкейханов көшесіне дейінгі аумақта жүргізілді.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Бұл учаске 5 жылдық нормативпен 10 жыл бойы жөндеу көрмеген.

Момышұлы көшесін жөндеу жұмыстары жалғасып отыр, ол 16 тамызда аяқталады. 15 тамыздан бастап жөндеу жұмыстарына байланысты Сәтбаев көшесінің Достық даңғылынан Луганский көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

20 магистральдық көшені жөндеу кезінде жол төсемінің беріктігін арттыруға бағытталған полимерасфальтобетон қолданылады. Жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін, ал аудандық маңызы бар көшелердегі жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқталуға тиіс.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді