Алматының орталығында заңсыз сауда павильоны сүрілді

Алматыда Қалдаяқов көшесінде орналасқан заңсыз сауда павильоны сүрілді.

gov.kz

Алматы, NEGE. Нысан қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынған және пайдалануға беру актісі болмаған. Бұған дейін Қала құрылысын бақылау басқармасы заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген, алайда меншік иесі оны орындамаған. Ақыры, басқарма сотқа талап-арыз беріп, сот оны қанағаттандырды.

Бұзу жұмыстарын нысан иесі өзі жүргізді. 

2023 жылдың басынан бері Алматы әкімінің тапсырмасымен тұрғын үй кешендерін қосқанда 66 заңсыз нысан сүрілді.

Қазір оқып жатыр

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Қазақстанда дизель отынына цифрлық және түстік бақылау енгізілді

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады