Алматының өрт сөндірушілері жарылыстың алдын алды

Алматыда Бостандық ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында құрылыстан қалған қоқыс өртенді.

видеодан скрин

Алматы, NEGE. Өрт шыққан үй-жайдан өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге бір газ баллонын алып шығарды.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 14 минут ішінде 8 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.