Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

«Eco Almaty» өкілдері Наурызбай ауданындағы ауа сапасын тексерді. Бұған тұрғындардың ауаның нашарлауы мен өткір иіске қатысты шағымы себеп болған.

gov.kz

Астана, NEGE. Тексеру нәтижесі бірқатар көрсеткіштің шекті мөлшерден асып кеткенін көрсеткен:

  • азот диоксидінің концентрациясы – 4,410 мг/м³ (норма 0,2 мг/м³);
  • бензол – 5,749 мг/м³ (норма 0,3 мг/м³);
  • қалқыма бөлшектер (шаң) – 36,949 мг/м³ (норма 0,5 мг/м³) болған.

Кәсіпорын тексеруді 13 мамыр күні тұрғындармен кездесуден кейін экология департаменті, Наурызбай ауданы әкімдігі және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен жүргізген.

Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

«Аяқкиім мен сөмке сатып алып берген»: Ақтөбе облысында шекара бөлімшесінің бастығы сотталды

Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді