Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

gov.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ол 2022 жылдың 31 қаңтарынан 2025 жылдың 24 мамырына дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған болатын.