Алматының бір ауданы жылусыз қалды

Қаланың Бостандық ауданында апат салдарынан жылумен жабдықтау тоқтатылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, Розыбакиев – Малахов – Каблуков – Штраус көшелерінің ауданындағы үйлер мен ғимараттар жылусыз және ыстық сусыз қалды.

Ресми ақпарат бойынша, апаттың себебі – магистральдық жылу желісі учаскелерінің бірінде штаттан тыс жағдайдың туындауы.

2002 жылы пайдалануға берілген диаметрі 700 мм құбырдың ақаулы учаскесін шұғыл ауыстыруды "Алматы жылу желілері" ЖШС авариялық бригадасы жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен келісімшартқа отырды

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді