Алматының ботаникалық бағында бәйшешек гүлдеп жатыр

Бәйшешек көктемнің жаршысы саналады. 

Видеодан скриншот/instagram/botsadkz

Астана, NEGE. Ботаникалық бақтың әлеуметтік желідегі парақшасында биылғы алғашқы бәйшешектердің видеосы жарияланды.

«Ботаникалық бақта галантустар гүлдеді. 

Көбінесе "наурызгүл" немесе "бәйшешек" деп аталатын бұл нәзік ақ гүлдер көктемнің символы болып саналады.

Әр жыл сайын біз олардың шығуын асыға күтеміз. Міне, олар өткен жылы түскен жапырақтардың арасынан абайлап шығып, қыс аяқталып келе жатқанын еске салады», – дейді бақ мамандары.

Осы маусымдағы ең алғашқы гүл қаңтар айында байқалса, ақпанның ортасында жаппай бүр аша бастаған.

Ботаникалық бақ мамандары галантустардың өте нәзік екенін еске сала отырып, бақ қонақтарын көгалдар мен шабындықтарды баспауға, гүлдерді жұлмауға шақырады. 

Қазір оқып жатыр

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды

Прокурор қоғам белсендісі Оразалы Ержановқа төрт жыл шартты жаза тағайындауды сұрады

«Дөңгелек ұшып кетердей»: қарағандылықтар жолдағы терең шұңқырларға шағымдануда

Бишімбаев пен Мәсімов жаңа рақымшылыққа іліге ме?